Қайрат Нұртастың әкесінің тойында ән салған Мәдина Сәдуақасованың сахнадағы әрекеті көпшіліктің назарын өзіне аударды. Әншінің би қимылдары мен сахнадағы еркін қылығы әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды деп хабарлайды ozgeris.info сайты
Әлеуметтік желі қолданушылары екіге бөлінді.
Бір бөлігі:
”Қимылдары ерсі”,”Жараспайды”,”билей алмайды несіне өтірік істеп тұр”,”Семіріп кеткен” деп пікір қалдырса
Өз кезегінде Мәдинаның жанкүйерлері оны қорғап, өнерпаздың шығармашылығына жоғары баға беріп отыр. Олар:
”Мәдина әрдайым сахнада шынайы әрі энергетикасы жоғары орындаушы”,”Несі ерсі әп әдемі билеп тұр”,”Өзіңе күшті жарасады”,деп жазуда.
Әлеуметтік желіде бейнеролик кең таралып, тойдағы көрініс бір тәуліктің ішінде қызу талқыланып үлгерді. Бір бөлігі әншінің өнерін заманауи және кәсіби деп бағаласа, енді бірі дәстүрлі ортада мұндай стиль орынсыз екенін айтуда.
Осылайша, Мәдина Сәдуақасова тағы да ел назарында.