Жаңалықтар

"Беташарда 4 млн салған": Ақтөбелік депутаттың әрекеті талқыға түсті (ВИДЕО)

"Беташарда 4 млн салған": Ақтөбелік депутаттың әрекеті талқыға түсті (ВИДЕО)

Ақтөбелік депутаттың беташарда 4 миллион теңгедей ақша берген видеосы желіде қызу талқыға түсті. Бұл туралы Ozgeris.info сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Үйлену тойына қомақты қаржы берген адамның жергілікті мәслихат депутаты және кәсіпкер Аслан Қайырғалиев екені белгілі болды.

Аслан Қайырғалиев – бөлшек сауда кәсіпкері және қалалық мәслихат депутаты. Ол “Анвар” желісін басқарады.

Бұған дейін ол Анвар бөлшек сауда желісінің директорының орынбасары ретінде облыстық әкімдікпен 2026 жыл бойы әлеуметтік маңызды өнімдердің бағасын шектеу туралы меморандумға қол қойған. Бағаны шектеу үшін бөлшек саудагерлер көбіне "айналмалы есік схемалары" арқылы жеңілдікпен қаржыландыруды және тұрақтандыру қорларынан өнімдерді сатып алуға басымдық құқығын алады.

Барлық жаңалық