Қазақстандық журналист Ботагөз Омарова Руслан Берденовті өлтіруге оқталу ісін қараған судьяның камераға тілін шығарған видеосын жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Шымкентте судья Әбинұр Қарабаев журналиске қарап, ойнақы қимыл жасады. Журналиске судьяның неліктен өз эмоциясын бұлай білдіргені әзірге белгісіз.
"Қарабаевқа не болды? Бұл қимылға не себеп болды? Бәрі жақсы ма? Мен білмеймін, мен ол үшін алаңдаймын", – деді Омарова.
Соңында журналист әріптестерінен Қарабаевтың тағы кімге тілін шығарғанын сұрады.