Жаңалықтар

Белгілі заңгер Молдахан Әділетхан қамауға алынды

Белгілі заңгер Молдахан Әділетхан қамауға алынды

Алматы полициясы заңгер Молдахан Әділетханның ұсталып, қамауға алынғанын растады. Бұл туралы Ozgeris.info сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Заңгердің ұсталғанын оның көмекшілері хабарлады. Олардың сөзінше, Әділетхан ұсталғаннан кейін оның соңынан бес адвокат барған. Алайда заң өкілдері әріптесімен көрісудің қиынға соғып жатқанын айтты. 

Желіде тараған бұл ақпаратқа қатысты полиция пікір білдірді.

“М. есімді азаматқа қатысты алдын ала тергеу тіркелді. Ол әдейі жалған ақпарат таратқаны үшін күдікті ретінде уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп мәлімдеді полиция.

Алайда оның қандай жалған ақпарат таратқаны нақты айтылмады.

Айта кетейік, Молдахан Әділетхан үш адамның өмірін қиған Әл-Фарабаи даңғылындағы жол-апатына қатысты болжамдар айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялаған еді. 

Барлық жаңалық