Қоғам

Белгілі әнші Бейбіт Қорған ұсталды

Белгілі әнші Бейбіт Қорған ұсталды

Қазақстандық эстрада әншісі Бейбіт Қорған Атырауға ұшқан әуе рейсінде ереже бұзғаны үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды Orda.kz.

Куәгерлердің сөзінше, әнші балағат сөздер айтып, жолаушылардың мазасын алған. Сондай-ақ ол әуе компаниясының талаптарына бағынудан үзілді-кесілді бас тартқан.

Әуежайға қонған соң оны полиция қызметкерлері қарсы алып, «кішігірім бұзақылық» пен «құқық қорғаушыға бағынбау» баптары бойынша хаттама толтырды.

Бүгін Атырау қаласында өткен сотта Бейбіт Қорған кінәлі деп танылып, 196 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Барлық жаңалық