Жаңалықтар

Батыс Қазақстандық кәсіпкер мемлекет берген 251 млн теңге субсидияға үй салып алған

Батыс Қазақстандық кәсіпкер мемлекет берген  251 млн теңге субсидияға үй салып алған

Батыс Қазақстан облысында кәсіпкер агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасына бюджеттен бөлінген жүздеген миллион теңгені жымқырып, өзіне үй салып алған, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Қаржылық мониторинг агенттігі кәсіпкердің күмәнді схемаларын әшкереледі. Тергеу мәліметінше, күдікті өзінің "Агрокомплекс АРСЕН" және "ОнегеАгроСервис" компаниялары арқылы Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылына су үнемдейтін суару жүйелерін саламын деп инвестициялық субсидия алады.

"Шығынды растау үшін жалған төлем тапсырмалары мен орындалған жұмыс актілерін ұсынған. Осы құжаттардың негізінде күдіктінің бақылауындағы серіктестіктердің есепшоттарына жалпы сомасы 251 млн теңге инвестициялық субсидия аударылған. Кейін оны қолма-қол ақшаға айналдырған. Ал қаражаттың бір бөлігіне тұрғын үй сатып алған. Сот оның бұл мүлкіне тыйым салды. Тергеу жалғасып жатыр", – делінген ҚМА хабарламасында.

Агенттік Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтерді жариялаудан бас тартты.

Барлық жаңалық