Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығы тоқырау кезеңіне аяқ басты. Сатып алушылардың белсенділігі төмендесе де пәтер мен жеке үй бағасы әлі қымбаттап жатыр. Мамандар ұзақ уақытқа созылған дүрбелеңнен кейін нарықтың біртіндеп салқындау сатысына өткенін растайды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі мамыр айындағы жағдайды айқын көрсетеді. Бұл уақытта ел аумағында баспана сатып алу және сату бойынша 30,4 мың келісім жасалған. Көрсеткіш сәуір айымен салыстырғанда 13,5 пайызға құлдырап кетті. Ал бір жыл бұрынғы мерзіммен шенгестіргенде сауда көлемі 10,5 пайызға азайған. Бұл ақпаратты ozgeris.info порталы energyprom.kz сайтына сілтеме жасай отырып таратты.
Сұраныстың азаюы барлық санаттағы баспаналарға кері әсерін тигізді. Тұрғындар бір және екі бөлмелі пәтерлерді сирек сатып алатын болды. Жеке үйлер мен үш бөлмелі баспаналардың да саудасы айтарлықтай бәсеңдеген.
Дәстүрлі түрде ең көп келісімшарт Алматы мен Астана қалаларында тіркеледі. Мамыр айында қос шаһарда 10 мыңға жуық баспана сатылған. Бұл жалпы республикалық көрсеткіштің үштен бір бөлігіне тең. Соған қарамастан дәл осы Алматы қаласы тұрғындар белсенділігі ең көп төмендеген аймақтардың қатарына кірді.
Нарықтағы сауда көлемі қысқарғанымен құрылыс нысандарының құны арзандар емес. Тек қымбаттау қарқыны сәл тежелген. Бір жыл ішінде жаңадан салынған тұрғын үйлер 14,5 пайызға бағасын өсірді. Екінші нарықтағы пәтерлердің құны 10,8 пайызға шарықтап кетті.