Жаңалықтар

Бас прокуратура Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты пікір білдірді

Бас прокуратура Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты пікір білдірді

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Алматы әкімінің экс-орынбасары 56 жастағы Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Ғалымжан Қойгелдиев болған оқиғаны кісі өлімі екенін растай алмайтынын жеткізді.

"Әзір ештеңе айта алмаймын. Бұл туралы енді ғана естідім", – деді ол Сенат кулуарында.

Бас прокурордың орынбасары қылмыстық іс адам өлімі дерегі бойынша қозғалған болуы мүмкін екенін айтты. Енді оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады.

Барлық жаңалық