Шоу-бизнес

«Бәріміз күткен сәт»: Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова отбасылық видеомен елді елжіретті

«Бәріміз күткен сәт»: Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова отбасылық видеомен елді елжіретті

Танымал әнші Қайрат Нұртас жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімовамен және жаңа туған сәбимен бірге серуендеп жүрген жылы видеосын Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info

 

Бейнежазбада ерлі-зайыптылардың жайдары жүздері мен отбасылық жылулық ерекше байқалады. Әншінің жанкүйерлері бұл сәтті ұзақ күткендерін жасырмады.

 

Пікірлер бөлімінде желі қолданушылары түрлі эмоцияларын білдіріп, жылы тілектерін жаудырды:

 

«Бәріміз де осыны күткен сияқтымыз»,«Уайымдадық қой, шүкір бәрі жақсы екен»,«Бақытты болсын»,«Жеке өмірін бөлісу – өз еркі, бастысы – аман болсын»,«Ұзақ күткен видео келді!» — деп жазды олар.

 

Көпшілік Қайрат пен Жұлдыздың бұл отбасылық видеосын «шын сезім мен тыныш бақыттың көрінісі» деп бағалады.

Барлық жаңалық