Танымал боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов желідегі парақшасында күтпеген жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Айтуынша Бокс Федерациясындағылардың көбісі екіжүзді.
"Бокс федерациясында Шавкаттың жанындағы достары, Дархан, Жанқош қана достарым. Қалғандарының бәрі екіжүзділер. Кезінде мені мойындамағандар қазір жүгіріп жүр күшік құсап. Жорғалап жүр. Екіжүзділерді жек көремін. Алла олардың ризығын да көбейтпейді", - деді ол.