Қызылордада өткен V Ұлттық Құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жаңа вице-президент лауазымын енгізу мүмкіндігін айтты. Бұл жаңалық әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп, қолданушылар өздерінің кандидаттарын ұсына бастады, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты politico.kz. сайтына сілтемемен.
Әсіресе, Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбекті президенттен кейінгі екінші жоғары лауазымға тағайындау туралы пікірлер белсенді. Қоғам белсендісі Бекболат Қаржанның айтуынша, Базарбек бұл орынға тағайындалса, елде қозғалыс басталып, президентке үлкен көмек көрсетіледі.
Желі қолданушыларының пікірлері:
«Президент ел ертеңін ойлайтын болса, Бақытжан Базарбек ағамызды жанына жақындату керек», «Тоқаевтың беделінің нағыз халық алдында артатын кезі – Бақытжанды вице-президент ету», «Бақытжан Базарбек ағамыз лайықты, елім, жерім дейтін азамат»
Айта кетейік, жақында президенттің жарлығымен бекітілген Конституциялық комиссия құрамында Базарбек жоқ болып шықты.
Бақытжан Базарбек – заңгер, қоғам белсендісі. 2023 жылдың наурызынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты болып қызмет етеді.