Қоғам

«Балаңды ернінен сүйсең, балаңда дұрыс емес түсіністік қалыптасады» - Отбасылық дәрігер

«Балаңды ернінен сүйсең, балаңда дұрыс емес түсіністік қалыптасады» - Отбасылық дәрігер

Отбасылық дәрігер Аслан Темірхан баласын ернінен сүйетіндер туралы сөз қозғады.

Бұл туралы ол «Нүкте» Youtube арнасына берген сұхбатында айтты.

«Осыған байланысты әріптесіммен бірге дауласқанбыз. Баласының ернін сүйетін ата-аналардың бұл істері мүлдем дұрыс емес. Ата-аналар оны жаман болсын деп жасамайтынын білемін. Бірақ, балаларда бәрібір дұрыс емес ой қалыптасады. Балалар үшін бұл норма болып қалыптасуы мүмкін. Басқаларға тыйым саламыз, бірақ өзіміз сүйе береміз дегенді қою керек. Баланың өзінде де жеке шекара деген болады. Біз балалардың да жеке шекарасын құрметтей білуіміз керек», — деді дәрігер.

Барлық жаңалық