Жаңалықтар

«Балалар саудасы»: Қырғызстанда резонансты іс бойынша үкім шықты

«Балалар саудасы»: Қырғызстанда резонансты іс бойынша үкім шықты

Бішкек қаласының Первомай аудандық соты балалар саудасымен айналысқан трансұлттық қылмыстық топқа қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті хабарлады деп жазды ozgeris.info сайты ru.sputnik.kg порталына сілтеп.

Тергеу мәліметінше, 2024 жылдың қыркүйегінде құқық қорғау органдары Қазақстан азаматы А.А. мен Қырғызстан азаматы С.С.-ны кәмелетке толмағандарды заңсыз шетелге шығармақ болған сәтінде ұстаған.

Анықталғандай, күдікті А.А. Израиль азаматы А.Б.-мен келісіп, қаржылай сыйақы үшін С.С.-дан үш баланы сатып алған. Кейін бұл балаларға қатысты азғын әрекеттер жасалып, олардың жалаңаш суреттері түсіріліп, мессенджерлер арқылы шетелдегі адамдарға жіберілген.

Сонымен қатар күдіктілер екі балаға толық қамқоршылық рәсімдегені белгілі болды. Олар тағы үш баланы елден алып шығуға әрекеттенген кезде қолға түскен.

Сот шешімімен А.А. 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал С.С. 11 жылға сотталып, мүлкі тәркіленді.

Барлық жаңалық