Заң бұзушылық

Балағат сөз айтып, белдіксіз көлік айдаған: павлодарлық стример 20 тәулікке қамалды (ВИДЕО)

Балағат сөз айтып, белдіксіз көлік айдаған: павлодарлық стример 20 тәулікке қамалды (ВИДЕО)

Павлодарда әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде заң мен қоғамдық тәртіпті белден басқан 26 жастағы жергілікті тұрғын Аслан Амантаев әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында құқыққа қайшы видеоны анықтаған. Тікелей эфир кезінде жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпай, көлік тізгінінде отырып балағат сөздер айтқан және айналасындағыларға ашықтан-ашық құрметсіздік танытқан.

Полиция қызметкерлері заң бұзушының жеке басын жедел анықтады.

«Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 тәулікке қамауға алынды. Полиция ескертеді: әлеуметтік желілерде, оның ішінде тікелей эфир кезінде жасалған кез келген құқыққа қайшы әрекет жазасыз қалмайды», – делінген ресми хабарламада.

Барлық жаңалық