Әзербайжанның Баку қаласында он жеті жасқа дейінгі спортшылар арасында әйелдер күресінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Осы дүбірлі додада қазақ қызы Айша Әбдімәлік финалға сүрінбей жетті. Алпыс бес келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесетін жерлесіміз жартылай финалда тамаша өнер көрсетті. Ол Грекиядан келген Василики Каравануды айқын басымдықпен тізе бүктірді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Ендігі шешуші кездесуде бас жүлде сарапқа салынады. Айша алтын медаль үшін моңғолиялық Ариунул Болдбаатармен күш сынасады. Бұған қоса қырық тоғыз келі салмақта бақ сынайтын Аянат Мейнамбай қола жүлдеге таласпақ. Жас спортшы алдымен жұбаныш белдесуіне шығады. Осы кездесуден кейін үшінші орын үшін кіммен күресетіні толық белгілі болады.
Осыған дейін қазақстандық балуандар аталған әлем біріншілігінде үш медаль жеңіп алған болатын. Отандық жанкүйерлерді футбол әлеміндегі жағымды жаңалық та қуантты. "Қайрат" клубы пенальти сериясында "Омония" командасынан басым түсіп Чемпиондар лигасының үшінші кезеңіне өтті.