Шоу-бизнес

"Баянның жаулары жиналды": Мөлдір Әуелбекова ұстазына жауап берді

"Баянның жаулары жиналды": Мөлдір Әуелбекова ұстазына жауап берді

Сұлулық жағынан Баян Мақсатқызының сынына ұшыраған Мөлдір Әуелбекова ұстазына жауап берді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Бұл туралы ол жеке парақшасында жазды. 

"Әдемі қыздар", - деп күлді ол Балжан Бидаш екеуінің суретін жариялап. 

Айта кетейік, Баян Алагөзова "Кешью" туралы деректі фильмде Балжан Бидаш пен Мөлдір Әуелбекованың сырт келбетін сөз еткен еді. 

Осы тұста желі қолданушылары түрлі пікір жазды. 

"Концертке қатыспаған екеу", "Қос құрбы", "Ұстаздың шәкірттері десеңізші", "Баянның жаулары ма, бәрің жиналып қалыпсыңдар ғой", деді олар. 

Барлық жаңалық