Қоғам

«Бай-балаңды көрсетпе»: Айгүл Иманбаева әріптестерін сынап, үндеу жасады

«Бай-балаңды көрсетпе»: Айгүл Иманбаева әріптестерін сынап, үндеу жасады

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде отбасы мен жеке өмірін көрсетуге қатысты көпшілікке үндеу жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өнер иесі жарнама мен хайп үшін жақындарын контентке айналдыруға болмайтынын айтып, бақытты сәттерді көпшілікке жарияламауға шақырды.

«Бақыт тыныштықты жақсы көреді. Екіншіден, бақытты адам “бақыттымын” деп өлсе де айқайламайды. Тіпті ол отбасын, ошақ-қасын, бала-шағасын, күйеуін салмайды. Ал оны біздің қоғам керісінше түсінеді. “Неге күйеуін, әйелін салмайды?” дейді. Олар онсыз да бақытты. Ішінде тыныштығы, гармониясы жоқ,  ішінде кем дүниесі бар адам сырт көзге керемет контенттер түсіреді. Бала-шағасын, күйеуін көрсеткіш болып келеді», – деді әнші.

Барлық жаңалық