Танымал блогер әрі сынықшы Айнұр Есмурзина TikTok әлеуметтік желісінде танылған емші Бағдагүлді сотқа беруге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұл туралы Айнұр Есмурзина әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Блогердің сөзінше, емші тікелей эфирлерінің бірінде оның есімін атап, өзі туралы түрлі ақпарат таратқан.
Есмурзина осы жағдайға байланысты мәселені заң аясында шешуге бел буып, сотқа жүгінетінін жеткізді.
"Бағдагүлді енді қоймаса сотқа беремін. Шыдамның шегі бар... Мен ол кісі туралы сөз қозғамаймын. Ол болса әр эфиріне мені қосады. Бақытты адам біреуді сөз қылмас! Ниетін түсінбедім. Әлде мені айтып охват жинап отыр ма?!", - деді сынықшы.