Спорт

Азиада-2026: Ясмина Тоқсанбаева алтынынан айырылып қалды

Азиада-2026: Ясмина Тоқсанбаева алтынынан айырылып қалды

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева 2026 жылғы Азия ойындарында спорттық жүрістен көрсеткен нәтижесінің жойылғанын мәлімдеді. Спортшы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Токсанбаева жарыс барысында соңына дейін күрескенін атап өтіп, өзін қолдағандарға алғыс айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

«Кешіріңіздер, осындай эмоциялар үшін. Мен алтын алғым келді. Бірақ Құдайдың жолы – ешкімге белгісіз, бұл менің арманымның жолында тоқтатпайды», – деп жазды спортшы.

Ол сондай-ақ жарыстағы нәтижесінің жойылғанын көрсететін скриншот жариялады. Спортшы өзіне қолдау білдірген барлық жанкүйерлеріне және жарыс барысында көмектескен мамандарға алғыс айтты.

«Біз соңына дейін күрестік. Мені қолдаған барлық супер қаһармандарыма рақмет. Жеке жаттықтырушымнан бастап, жеңіл атлетика федерациясы мен спорт министріне дейін барлығы мені қолдады», – деді Ясмина Токсанбаева.

Барлық жаңалық