Осы жылдың алғашқы жартысында автонесиелеу қарқынды өсті. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының дерегінше, автонесиеге берілген өтінімдер өткен жылмен салыстырғанда 54%-ға артып, 2,9 млн-ға жетті деп хабарлайды ozgeris.info сайты inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап
Алты айда банктер 1,2 трлн теңге көлемінде несие рәсімдеді, бұл былтырғыдан 53%-ға көп. Соның нәтижесінде автонесиенің жалпы несие портфеліндегі үлесі 15,4%-ға көтерілді. Сарапшылар мұны автосалондардың белсенді жарнамасы, жеңілдікпен ұсынылған бағдарламалар және рәсімдеу процесінің цифрлануымен байланыстырады.
Орташа несие сомасы 6,7 млн теңгеге жетіп, 5,7%-ға өсті. Бұл елдегі көлік бағасының 11%-дан астам қымбаттауымен түсіндіріледі. Дегенмен ай сайынғы төлем мөлшері пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуі арқасында 110,7 мың теңгеге дейін азайды.
Биыл несиеге сатып алынған көліктердің үлесі де артты – 36%-дан 59%-ға жеткен.