Қоғам

Автобуста қылқындырған: Алматыдағы тәртіп бұзған адам ұсталды

Автобуста қылқындырған: Алматыдағы тәртіп бұзған адам ұсталды

Алматыда қоғамдық көлікте орын алған келеңсіз оқиғаға байланысты әлеуметтік желіде шағым тарады. Оқиға № 227 бағытындағы автобуста кешкі сағат 18:00 шамасында болған, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Жәбірленушінің айтуынша, ол «Сейфуллин — Шолохов» аялдамасынан автобусқа отырып, артқы орындықтағы қариядан бос орынға отыру үшін сәл жылжуын өтінген.

Проблемасыз орын босатудың орнына, ер адам кенеттен бойжеткенді қылқындыра бастаған. Өзге жолаушының көмегімен және қарсылық көрсету арқылы ғана бойжеткен одан босап, басқа орынға ауыса алған. Жәбірленуші қала тұрғындарын қоғамдық орындарда сақ болуға шақырды.

Аталған жағдайға байланысты Алматы қалалық Полиция департаменті азаматтарға ескерту жасады.

«Алматы қалалық Полиция департаменті қоғамдық тәртіп нормаларын сақтау және айналадағыларға құрметпен қарау қажеттілігін ескертеді. Кез келген жанжалды жағдай туындағанда азаматтар заңсыз әрекеттерге жол бермей, көмек алу үшін полицияға жүгінуі тиіс», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Барлық жаңалық