Шоу-бизнес

«Аузынан шықпайды, артынан шығады»: тарихшы Тұрсынбек Қабатовты сөгіп тастады

«Аузынан шықпайды, артынан шығады»: тарихшы Тұрсынбек Қабатовты сөгіп тастады

 Танымал тарихшы, қоғам белсендісі Құттыбек Әшірхан журналист Айнұр Асанбердіге сұхбат берді,  деп хабарлайды Ozgeris.info

Ол әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа қатты ренжігенін айтты. 

"Тұрсынбек Қабатовқа ренжіген жерім - Оралдың жаргонын миллиондаған көрерменге вирус сияқты жұқтырып кетті. "Айтып жатырқ, істеп жатырқ" деген. Мен айтамын: "Айналайын, "тырқ" деген сөз адамның аузынан шықпайды, артынан шығады. "Неменеге тырқ-тырқ етіп, тырқылдап отырсың?" деп айтады. Ол бір анайылау сөз. Әдеби нормаға келмейді. Біз әдеби норманы сақтауымыз керек. "Біррез" деген сөз бар тағы. Бұл-сөз емес, бөз. Біррез емес, "бір рет", "қайта", "дүркін" деген сияқты қазақтың қаншама синонимы бар. Сөйлеу мәдениетіне мән беру керек", - деді ол. 

Барлық жаңалық