Қоғам
Aуыз бекітпеген адамнан «неге ораза ұстамадың» деп сұрау қаншалықты дұрыс
06.03.2025
334
Астана медресесінің ұстазы Бекзат Азатбекұлы Рамазанда ауыз бекітпеген адамнан "Неге ораза ұстамадың?" деп сұрау қаншалықты дұрыс екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
Дін қызметкерінің айтуынша, ораза ұстау – әркімнің мойнына жүктелген парыз.
"Мен мұсылманмын" деген адам – иманды адам. Оған құлшылық, ғибадат – парыз. Сол құлшылық, ғибадаттың ішіне ораза да кіреді, намаз да кіреді. Енді "неге ұстамадың?" деген сияқты сұрақ қойса, оны міндеттеме емес, жай еске түсіру, ескерту деп қабылдасақ болады. Мысалы, қасындағы адамдар мотивация беріп жіберсе, ары қарай ораза ұстап кететіндей жағдайда жүретін адамдар болады, қасындағы адамдардың бір-екі ауыз сөзін күтіп жүрген адамдар бар, айтқан кезде ұстап кетуі де мүмкін. Ал ары қарай "ұстамаймын" деп жатса, исламда қинау деген нәрсе жоқ. "Неге ұстамадың?" деген сөз еске түсіру мақсатында ғана айтылады. Күнделікті орындалуы қажет болған іс-әрекеттерді де есіне түсіріп жатады ғой. "Неге таңғы шайыңды ішпедің, неге демалмадың?" деп, солардың қатарында деп түсінсе болады", - дейді медресе ұстазы.
Бекзат Азатбекұлының сөзіне сүйенсек, қоғамда ораза ұстағанын, намаз оқитынын мақтан көретіндер бар екені жасырын емес. Шариғатта ондай мінез-құлық рия болып есептеледі.
"Адамның барлығы бірдей дәрежеде шариғатты ұстанып жатқан жоқ қой қазір?! Біреулер мысалы сыртқы келбетімен ғана ұстануы мүмкін. Ішінде ол мүлдем сенбеуі де мүмкін немесе ұстанып жүргендігін мақтан көретіндер болуы мүмкін. Тіпті намаз оқығандығын да мақтан көретіндер болуы мүмкін. Оның бәрін жоққа шығармаймыз. Оның барлығы – қоғамда бар, болып жатқан нәрсе.
Сол сияқты біреу өзінің ораза ұстағанын айтқысы келіп, мақтанып, біреуге "Сен неге ұстамайсың? Мен ұстадым" деп айтып жатса, ол – шариғатта тыйым салынған нәрсе. Рия болып есептеледі. Өзінің амалын көрсету үшін, мақтану үшін жасалған амал. Ал жалпы біреуге ескерту – шариғатта бар нәрсе", - деді Астана медресесінің ұстазы.
-
Алматының шырқын бұзған жасөспірімдер Астанада жүр. Желіде даулы ақпарат тарады13:12, 07 маусым 2026
-
Қаратерек ауылындағы қауіп: Өзен жағалауы опырылып, үйлерге жақындап келеді12:07, 07 маусым 2026
-
-
-
Бурабай жолындағы қауіпті сапар: видео түсірмек болған қыздар мен жүргізуші жазаланды09:05, 07 маусым 2026
-
Бүгін Қазақстан футбол құрамасы Армениямен кездеседі18:10, 06 маусым 2026
-
"Шіркін-ай, деп қарадым": Сәкен Майғазиев екінші әйел алғысы келгенін айтты16:07, 06 маусым 2026
-
-
-
-
"Шіркін-ай, деп қарадым": Сәкен Майғазиев екінші әйел алғысы келгенін айтты16:07, 06 маусым 2026
-
-
-
-
Бүгін Қазақстан футбол құрамасы Армениямен кездеседі18:10, 06 маусым 2026
-
Бурабай жолындағы қауіпті сапар: видео түсірмек болған қыздар мен жүргізуші жазаланды09:05, 07 маусым 2026
-
-
-
Қаратерек ауылындағы қауіп: Өзен жағалауы опырылып, үйлерге жақындап келеді12:07, 07 маусым 2026
-
Алматының шырқын бұзған жасөспірімдер Астанада жүр. Желіде даулы ақпарат тарады13:12, 07 маусым 2026
-
"84 млн қарызы бар": Байырбекова ұлының үлкен сынаққа тап болғанын айтты (ВИДЕО)09:49, 05 маусым 2026
-
-
"Бұрынғы әйелі ме": Жұмабек Жанықұлдың отбасымен түскен суреті тарады (ФОТО)15:41, 01 маусым 2026
-
-
-
"Алланың лағнеті болсын!": Қазақстандық әжей "Кешью" тобын қарғады (ВИДЕО)12:40, 03 маусым 2026
-
"Айгүлдің өзін итерем..н депті": Заңгер танымал кәсіпкердің сұмдығын жария етті15:03, 02 маусым 2026
-
-
"Очко жинамай-ақ қойшы": Ләйлә Сұлтанқызы Мөлдірді қорғаймын деп сынға қалды10:54, 02 маусым 2026
-
Интим видеосы тараған Хан тамада темір торға түсті17:39, 02 маусым 2026
-
-
-
-
"Әкесімен жасты ғой": Гүлнұр Оразымбетова күйеуінің 70 жасын тойлады (ВИДЕО)10:02, 28 мамыр 2026
-
-
"Жеңгеміз сұлу екен": Нұрлан имам өзінің отбасын көрсетті (ФОТО)11:26, 14 мамыр 2026
-
-
"84 млн қарызы бар": Байырбекова ұлының үлкен сынаққа тап болғанын айтты (ВИДЕО)09:49, 05 маусым 2026
-
"Омырауынан сүйемін": Тоқтар Серіковтің сұхбатта айтқаны жұртты шошытты (ВИДЕО)09:51, 15 мамыр 2026
-