Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның денсаулық жағдайына қатысты ақпарат берді, деп жазады Ozgeris.info сайты.
Оның айтуынша, Сара Алпысқызы ауыр миокард инфарктін өткерген. 2025 жылдың сәуір айынан бастап Алматыдағы Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде (бұрынғы Совминка) ем қабылдаған.
Дәрігерлер оған ауыр қант диабеті аясында ишемиялық жүрек ауруы, жүрек пен өкпе жеткіліксіздігі, сондай-ақ үдемелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі диагнозын қойған.
Ұзақ уақыт бойы науқас жасанды тыныс алу аппаратына және гемодиализге қосылған.
«Жағдайының тұрақтануына байланысты ол биылғы жылдың қаңтар айында стационардан шығарылды. Қазіргі уақытта Сара Алпысқызы Алматыда үй жағдайында дәрігерлердің бақылауында», – делінген хабарламада.