Жаңалықтар

"Ауыл сыртына алып кеткен": 40 жастағы СҚО тұрғыны айуандыққа барды

"Ауыл сыртына алып кеткен": 40 жастағы СҚО тұрғыны айуандыққа барды

Солтүстік Қазақстан облысында 13 жастағы қызды ауыл сыртына алып кеткен 40 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы ozgeris.info сайты Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 1 шілдеде Айыртау ауданында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, кешкі сағат 18:00 шамасында 13 жастағы қыз дүкеннен шыққан. Сол кезде 40 жастағы ер адам оны мотоциклмен қыдыртып келемін деп алдап, ауыл сыртында алып кеткен. Кейін ол қызды тқтқында ұстап, жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен.

Оқушыны іздеу жұмыстары түні бойы жалғасқан. Тек таңғы сағат 05:00 шамасында қыз ауыл сыртынан табылды.

Қазір күдікті құқық қорғау органдары тарапынан ұсталды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жасалған қылмыстың ауырлығын ескерсек, ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Барлық жаңалық