Жаңалықтар

«Ауруханада деді»: Мадинаның анасы қызының өлімін жасырғандарын айтты

«Ауруханада деді»: Мадинаның анасы қызының өлімін жасырғандарын айтты

Меркіде күйеуі ұрып, көз жұмған 19 жастағы Мадинаның анасы Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Айтуынша құдалары қызын "тірі" деп өтірік айтқан. 

"Қызымның қайтыс болғанын құрбысы Зейнептен естідім. "Қызым қайда?" деп сұрадым. Қазір сағат 9-да келеді, ауруханада деді. 9- да келген жоқ. Ешқайсысы қайтыс болғанын айтқан жоқ. Күйеу бала жұмыссыз, жасы 23-те. Алып қашты бірақ біз қалдырмаймыз деп шештік. Қызым өзі "қаламын" деп қалды. Екеуі интернет арқылы танысқан. Жаназаға құдалардан ешқайсысы келмеді. Олардың жаны қиналып тұрған жоқ. Бәрібір болып тұр. Мамасына қызының атынан видео жіберген. Мен асылайын деп жатырмын деп. Бірақ оны күйеуі түсірген деп ойлап тұрмыз. Себебі үстіндегі көйлегі тізесінен асады. Беті түсірілмеген. Аяғын түсірген. Бірақ аяғы мен денесі әйел адамдікіне ұқсамайды", - деді ол. 

Барлық жаңалық