🌐 Әлем

Ауғанстанда жер сілкінісінен 600-ден астам адам қаза тапты

Ауғанстанда жер сілкінісінен 600-ден астам адам қаза тапты

Ауғанстанның шығысындағы Кунар провинциясында магнитудасы 6-ға жететін жер сілкінісі болып, алдын ала мәліметтер бойынша 600-ден астам адам көз жұмды, 1500 адам жараланды. Бұл туралы ozgeris.info сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ауғанстан Ақпарат министрлігінің хабарлауынша, ең көп зардап Кунар провинциясының аудандарында тіркелген, жолдар топан су мен жер қабаты сырғуы салдарынан жабылған, іздеу-құтқару жұмыстары тікұшақтардың көмегімен жүргізіліп жатыр. 

Ауғанстан уақытша үкіметінің баспасөз хатшысы Забихулла Муджахид АҚШ компаниясы X әлеуметтік желісінде жер сілкінісі адам шығынына алып келгенін растады.

“Өкінішке қарай, бүгінгі жер сілкінісі шығыс провинцияларында адам өліміне және материалдық залалға әкелді”, — деді ол.

Барлық жаңалық