Жаңалықтар

Атышулы ЛРТ енді жоқ: Астанадағы жобаның жаңа атауы ресми бекітілді

Атышулы ЛРТ енді жоқ: Астанадағы жобаның жаңа атауы ресми бекітілді

Астанадағы көп талқыға түскен жеңіл рельсті көлік жүйесі енді ЛРТ деп аталмайды. Жобаның жаңа есімі ресми түрде "Tarlan Astana" болып өзгерді. Бұл маңызды шешімді қала әкімі Жеңіс Қасымбек арнайы қаулымен бекітті, деп хабарлайды ozgeris.info  сайты.

Бұған дейін құрылысқа "Сұңқар", "Лашын" немесе "Аспан" деген атаулар беру ұсынылған еді. Алайда түпкілікті таңдау "Тарлан" сөзіне түсті. Жаңа атау өзіне терең мағына сыйдырып тұр. Бұл сөз жылдамдық пен күш-қуатты, сенімділік пен еркіндікті және тектілікті білдіреді.

Атауды өзгерту туралы шешім 2026 жылдың 12 маусымында Республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысын алған. Ал елорда әкімдігінің №511-2219 қаулысы 26 маусымда жарық көрді. Құжат Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы заңының бесінші бабына негізделген.

Енді Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдауы тиіс. Бұл істің мүлтіксіз орындалуын қадағалау әкімнің орынбасары Е. Байкенге жүктелді

Барлық жаңалық