Жаңалықтар

Атыраулық Сұлтан Сәрсемәлиев үш адамды бір пышақпен өлтірген

Атыраулық Сұлтан Сәрсемәлиев үш адамды бір пышақпен өлтірген

2025 жылы 2 қарашада Сұлтан Сарсемалиев әйелі мен 2022 жылы туған қызын ертіп, Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылындағы қайын атасының үйіне барады. Бір күннен кейін Нәсіп Өтешқалиева күйеу баласынан Ақбаян мен қызын тастап кетіп, қалған жиендерін алып келуді талап еткен. Прокурордың айтуынша, араларындағы келіспеушілікке осылай нақты нүкте қоймақ болған, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

— Бұл талапты естіген Сарсемалиев араларында болып жатқан келіспеушілік өз пайдасына шешілмейтінің түсініп, Өтешқалиеваның талабын орындаған жағдайда өз анасының осы күнге дейін асырап келген немерелерінен айырылып қалатынын түсініп, сол сәтте Өтешқалиеваны және Қаралбалинді өлтіру туралы шешім қабылдаған, — деді сот отырысында облыс прокуратурасының басқарма прокуроры Мирас Бауыржанов.

Әйелі мен балаларын Махамбет ауданындағы үйден тіркеуден шығаруға керек деген сылтаумен Мақсот Қарабалинның банк қосымшасындағы жеке кабинетіне кіріп, оны өзінің телефонындағы қосымшасына қосып алған. Сондай-ақ ата-енесін өлтірмей тұрып, банктен шот ашып, зейнетақыны сол шотқа түсетіндей ауыстырып алған.

— 3 қараша 08:00 шамасында Өтешқалиева мен Қарабалиннің үй ауласындағы сарайға кіріп-шығып жүргенін көреді. Сарсемалиев сарайға кіріп, ет турауға арналған арнайы пышақты көріп, алдын ала дайындап, ыңғайлы жерге қойып қойған. 09:00 шамасында күдікті ата-енесінің сарайға кірген сәтін күткен. Сол сәтте Өтешқалиева үйден бірінші болып шығып, сарайға кірген. Сарсемалиев артынан барып, залда үй шаруасын істеп жүрген арқасынан бірнеше рет пышақтаған, — деп толықтырды прокурор.

Кейін терезеден үйден Мақсот Қарабалинның үйден шығып, сарайға беттегінін байқайды. Оны кіреберістен күтіп алып, кеудесіне, арқасына және қолдарына бірнеше мәрте пышақпен ауыр соққы жасаған.

Сол күні түнде сарай ішіне барып, кереуеттің астын қазып, сол жерге көміп кеткен. Марқұмдардың телефондарын, алтын сақиналарын, ақшалай қаржысын мен банк карталарын меншіктеп алған.

Айыпталушы өзі жасаған қылмысты жасыру мақсатында ауылдағы туыстарына Қарабалин мен Өтешқалиеваның телефондары арқылы Атырау қаласына ем алуға кетіп бара жатқанын жазып, жалған хабарлама жіберген. Алдағы уақытта үйдің коммуналдық көрсеткіштерін сұраған жағдайда уақытылы жауап беріп, үйге қарай коммуналдық мекеме қызметкерлерін келтірмеу үшін алдын ала есептегіш құралдарды суретке түсіріп алған.

Кейін Мейрамгүл Қарабалинаға ата-анасының емге қалаға кеткенін және оны шақырып жатқанын айтып, сендірген. Осыдан соң төртеуі Атырау қаласына қайтқан.

Келесі күні Мейрамгүл Қарабалина үйде азық-түліктің жоқтығын, үйдің жағдайы нашар екенін айтып, өзінің үйіне немесе туыстарына кету туралы шешім қабылдаған.

— Осы сәтте Мейрамгүл Қарабалинаның сөздері Сұлтан Сарсемалиевтің ашуына тиген. Өзімен бірге Қызылқоға ауданынан алып келген асхана пышағымен Мейрамгүл Қарабалинаның кеудесінен, арқасынан, ішінен бірнеше мәрте ауыр соққы жасаған. Мүрдені кілемге орап, үйдің кіреберіс бөлмесіне шығарып қойған, — деді деді прокурор.

Кейін түнде Наурыз Мұқанғалиевті көмген шұңқырды қайта қазып, Мейрамгүл Қарабалинаның мүрдесін сонда салған.

Мақсот Қарабалинге тиесілі 4 сиыр, 2 баспақ, 4 бұзау, 17 қой мен 21 ешкіні Наурыз Мұқанғалиевтің атынан сатып жіберуді мақсат еткен.

— 2025 жылдың 13 қараша күні Жангелдин ауылының тұрғыны 17 бас қойды сатып алатын болып, 950 мың теңгені Мақсот Қарабалинның банк қосымшасына аударады. Тағы бір азаматқа 4 сиырды 1 млн теңгеге сататынын жазып, ұсыныс білдірген. 10 желтоқсанда тек 2 сиырды 500 мың теңгеге алатынын айтқан, — деді прокурор.

Жалпы Мақсот Қарабалинге 1 млн 450 мың теңге материалдық шығын келтірілген.

9 желтоқсанда Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласына Капланбек өткізу пункті арқылы өтіп, бір күннен кейін Ташкент- Куала Лумпур, Куала Лумпур — Бали бағытына ұшып кеткен.

Кейін олар Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында қолға түсті.




Барлық жаңалық