Жаңалықтар

Атыраудағы қауіпті "шоу": Көліктен отшашу атқандар ұсталды

Атыраудағы қауіпті "шоу": Көліктен отшашу атқандар ұсталды

Атырау қаласында жол қозғалысы кезінде өзгелердің өміріне қауіп төндіріп, отшашу атқан екі азамат анықталды. Тәртіп сақшылары бейнежазба арқылы құқық бұзушыларды жедел түрде есепке алды. Белгілі болғандай, біреуі тізгінде отырса, екіншісі терезеден шығып алып, пиротехника қолданған деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, екі азамат та бірден учаскеге жеткізілді. Көлік иесіне қатысты бірнеше бап бойынша хаттама толтырылды:

  • Жол қозғалысы ережелерін бұзу;

  • Қауіпті маневр жасау;

  • Апаттық жағдай туғызу;

  • Жолаушыны тиісті ережеге сай тасымалдамау.

Барлық жаңалық