Қаржы мониторинг агенттігі (ҚМА) жалған стоматологиялық клиникалар арқылы зейнетақы жинақтарын заңсыз шығару ісіне қатысты бір күдікті ұсталды деп хабарлайды Ozgeris.info сайты QRNews.kz сайтына сілтемемен.
Сенаттағы брифинг кезінде агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдегендей, күдіктіні Ресей шекарасында ұстаған. Сот оның қамауға алынуына санкция берген. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, ер адам төрт жалған стоматологиялық клиниканы ұйымдастырып, ірі қаржылық операцияларды медициналық қызмет ретінде көрсеткен.
Елемесовтің сөзінше:
«Тағы екі күдікті, алдын ала деректер бойынша, елден кеткен. Олардың қайтып оралған сәтінде ұстауды жоспарлап отырмыз».
Еске сала кетейік, 15 қыркүйекте ҚМА қызметкерлері Атырау облысында бес қылмыстық топты анықтаған болатын. Бұл топтар Қазақстан азаматтарына зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан заңсыз шығару жолдарын ұйымдастырған.Тергеу нұсқасы бойынша, ұрланған қаражатқа күдіктілер 15 элиталық автокөлік (жалпы құны 600 млн теңгеден астам), қымбат бағалы зергерлік бұйымдар, коммерциялық жылжымайтын мүлік, пәтерлер және жер учаскелерін алған.Іс бойынша зардап шегуші тарап ретінде Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры танылды.
2 қазанда ҚМА осы іске қатысты Аслан Дүйсенов, Ғаббас Иманбаев және Есімхан Елешев есімді күдіктілерді іздестіру туралы хабарлаған.Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасуда, ҚМА алдағы уақытта да барлық күдіктілердің жауапқа тартылатынын мәлімдеді.