Атырау облысы

Атырауда «қызды ұрлау» пранкі үшін үш блогерге сот үкімі шықты

Атырау қаласында түсірілген әлеуметтік эксперимент елді дүр сілкіндірді. Үш жас блогер әзіл түрінде ұйымдастырған «қызды ұрлау» пранкі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

 

Оқиға адамдар көп жүретін жерде болған. Бейнежазбада айғайлап жатқан қызды белгісіздер көлікке күштеп отырғызып әкеткендей көрінеді. Бұл көрініс куәгерлердің қорқынышын туғызып, кейбірі бірден 102 нөміріне хабарласқан.Блогерлердің айтуынша, бұл тек «әлеуметтік тәжірибе» болған: жоспар бойынша, өтіп бара жатқан адамдардың бірі қызды құтқаруға әрекет жасап, кейін олардың түсіріліміне қатысуы тиіс еді. Бір азамат шынында да араласып, «батырлық» танытқан.

 

Алайда, тәртіп сақшылары мұндай «әзілді» қауіпті деп бағалап, істі сотқа жеткізді. Нәтижесінде Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты үш жасты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі («ұсақ бұзақылық») бойынша кінәлі деп танып, әрқайсына 78 640 теңге көлемінде айыппұл салды.Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Барлық жаңалық