Жаңалықтар

Атырауда ер адамды пойыз қағып, мерт қылды

Атырауда ер адамды пойыз қағып, мерт қылды

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 13 тамызға қараған түні болған, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Әлеуметтік желілерде теміржол бойында пойыз қағып кеткен ер адамның видеосы тарады.

Оқиғаға байланысты Атырау станциясындағы көліктегі полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Іс абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік талаптарын бұзу дерегі бойынша тіркелген.

Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

«Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды», – деп хабарлады Атырау станциясындағы көліктегі полиция бөлімі.

Барлық жаңалық