Атырауда қызметін пайдалануға келген адамды өлтірген боди-массажистің ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды Оzgeris.info.
Қылмыстық іс пәтерлердің бірінде болған.
"Әйел мен ер адам арасында жанжал туындап, боди-массажист клиентке дене жарақатын салған. Ол жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды", - дейді ведомстводағылар.
Күдікті қамауға алынған.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қарап жатыр.