10 қазанға қараған түні Атырау облысында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыпты болмаса да бірге тұрып келген ер мен әйел арасында тұрмыстық жанжал туындаған. Айтыс-тартыс кезінде әйел ашуға булығып, қолына пышақ алып, азаматқа жарақат салған.Өкінішке қарай, ер адам алған жарақаттарының салдарынан жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған.
Қазіргі уақытта күдікті әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (“Адам өлтіру”) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.