Жаңалықтар

Атырауда 10 жасар бала суға батып кетті

Атырауда 10 жасар бала суға батып кетті

Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Нұржау ауылында қайғылы жағдай болды. Шарон өзеніне рұқсат етілмеген аумақта суға түскен 2016 жылы туған бала батып кеткен, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 25 мамыр күні кешкі сағат 18:30 шамасында болған. Кейін баланың денесі судан шығарылды.

Ведомство өкілдері қазіргі уақытта өңірде суға шомылу маусымы ресми түрде ашылмағанын атап өтті.

Осыған байланысты ТЖД мамандары тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

«Балаларды су айдындарының маңына ересектердің қарауынсыз жібермеңіздер», – деп ескертті департаменттің баспасөз қызметі.

Барлық жаңалық