Қоғам

Атырау орталығында жас жігітті күштеп алып кетті: полиция не дейді

Атырау орталығында жас жігітті күштеп алып кетті: полиция не дейді

Атыраудың орталық алаңында өтіп бара жатқандар азаматтық киімдегі ер адам күшпен көлікке тықпақ болған жас жігітке көмектесуге тырысқан, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Жігіт қатты айғайлап, қарсылық көрсеткендіктен, куәгерлер бұл адам ұрлау оқиғасы деп ойлап, оны арашалап алуға әрекеттенген.

Соған қарамастан, жас жігітті алып кеткен.

Кейін полицияда 19 жастағы жігіттің велосипед ұрлығы бойынша күдікті екенін, ал оған күш қолданған ер адамның полиция қызметкері болып шыққанын хабарлады.

Ведомствода орын алған факт бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын қосты.

 

Оқиғаның барлық мән-жайына, соның ішінде полиция қызметкерлері мен бейжай қарамаған өтіп бара жатқандардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

 

Барлық жаңалық