Атырау облысы

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында өрт шықты

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында өрт шықты

Атырау облысының Жылыой ауданында орналасқан ірі мұнай-газ кен орны – Теңізде өрт тіркелді. Бұл туралы  Оzgeris.infо сайты «Ақ Жайық» сайтына сілтемемен хабарлайды.

 

Мәліметке сәйкес, 18 қаңтар күні сағат 09:55 шамасында Теңіз кен орнындағы Үшінші буын зауытында өрт шыққан. Өрт 52-учаскеде, газтурбиналық генераторлар ГТГ-1 мен ГТГ-2 арасындағы трансформатор маңында орын алған.Алдын ала деректер бойынша, зардап шеккендер жоқ. Қауіпсіздік мақсатында зауыттағы барлық оперативті емес қызметкерлер эвакуацияланған.

 

Қазіргі уақытта өрт оқшауланған, ал Үшінші буын зауыты рециркуляция режиміне ауыстырылған. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр.

 

Құзырлы органдар мен жауапты қызметтер жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Барлық жаңалық