Атырау облысындағы Батыс Прорва кен орнында апатты жою кезінде жұмысшылар зардап шекті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Petrocouncil.kz-ке сілтеме жасап.
"Нәтижесінде бір жұмысшы кеуде тұсынан жарақат алды, бірақ ішкі органдары зақымданған жоқ. Қазіргі уақытта ол Құлсары қалалық орталық ауруханасында дәрігерлердің бақылауында. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Екінші жұмысшы медициналық тексеруден кейін үйіне жіберілді", – делінген хабарламада.