Атырау облысы

Атырау облысында мектептерді тышқандар басып кетті: Оқушылар онлайнға көшті

Атырау облысының білім басқармасы Махамбет ауданына қарасты Бейбарыс ауылындағы білім беру ұйымдарының уақытша қашықтан оқыту форматына ауысты деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Ақ Жайық сайтына сілтемемен.

 

Мұндай шешім елді мекенде кеміргіштер (тышқандар) санының көбейіп, эпидемиологиялық қауіптің туындауына байланысты қабылданған.

 

19 қарашадан бастап онлайн оқуға екі мектеп көшті:А. Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп – 573 оқушы; Талдықөл орта мектебі – 261 оқушы.Сонымен қатар толыққанды дезинфекция жүргізу үшін «Балдырған» және «Балақай» балабақшаларының жұмысы уақытша тоқтатылды.

 

Білім басқармасының мәліметінше, тиісті мекемелер санитарлық және дезинфекциялық жұмыстарды бастап кетті. Қауіп толық жойылғаннан кейін барлық білім беру ұйымдары қалыпты жұмыс режиміне қайта оралады.

 

Басқарма жағдай толық бақылауда екенін атап өтіп, тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Барлық жаңалық