Жаңалықтар

Атырау облысында бір ауылдың екі жасөспірімі Жайыққа батып кетті

Атырау облысында бір ауылдың екі жасөспірімі Жайыққа батып кетті

Атырау облысындағы Махамбет ауданында бір ауылда тұратын 2 жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті. Олар су айдынының рұқсат етілмеген тұсына шомылған, деп хабарлайды ozgeris.info сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы растаған ақпаратқа қарағанда, қайғылы оқиға 7 шілдеде сағат 21:00 шамасында болған.

— Махамбет ауданының Сарытоғай ауылында суға батқан жасөспірімдерді іздеу 7 шілдеде сағат 23:12–де басталды. Іздеу жұмысына облыстық төтенше жағдайлар департаментінен жедел-құтқару жасағы мен полиция департаментінің қызметкерлері, жергілікті тұрғындар тартылды, — деп хабарлады департаменттің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы.

Суға батқан жасөспірімдер 2011 жылы туған. Оның бірі кеше, 8 шілдеде түсқайта оқиға орнынан 35 шақырым қашықтан табылған. Ал, екіншінің сүйегі кешкі мезгілде Жайық өзенінен шығарылған.

— Атырау облысының тұрғындары мен қонақтарына судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз. Кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмаған жөн, — мәлім етті департаменттің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобынан.

 

Барлық жаңалық