Атырауда әуежайда рейске тіркелу кезінде жарылғыш зат бар деп жалған айтқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Оzgeris.info полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға 8 қараша күні «Атырау – Алматы» бағытындағы рейске тіркелу кезінде болған. Ер адам қол жүгінде жарылғыш зат бар екенін айтып, жалған ақпарат таратқан.
Аталған дерек бойынша Көліктегі полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы («Терроризм актісі туралы жалған хабарлау») бойынша қылмыстық іс қозғады.Қазіргі таңда жолаушылар мен әуежай қызметкерлері арасында зардап шеккендер жоқ. Әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Тергеу амалдары жүргізілуде.