Қоғам

Атбасарда су жаңа теміржол вокзалы пайдалануға берілді 

Атбасарда су жаңа теміржол вокзалы пайдалануға берілді 

Ақмола облысындағы Атбасар қаласында жаңа теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды.
Вокзал Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ескі теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы аясында салынды. Осы бағдарлама шеңберінде Integra компаниясы Ақмола облысында 13 вокзалды жаңартты,деп хабарлайды Ozgeris.info

1956 жылы салынған ескі вокзал ғимараты 653 шаршы метр апатты жағдайға жеткендіктен толығымен бұзылды. Оның орнына 823 шаршы метр жаңа, заманауи вокзал салынды, жертөле де қарастырылды. Вокзал мен платформалардың айналасында жалпы 6481 шаршы метр аумақ абаттандырылды. Жағалау платформасының ұзындығы 387 метр, аралдық платформаныкі 384 метр, екеуі де брусчаткамен қапталды.

Жолаушылар үшін балалы транзит жолаушыларына арналған бөлме, балалар ойын аймағы, алғашқы медициналық көмек бөлмесі және кіру шығуды бақылау жүйесі жасалды. Ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған санитарлық бөлме, Брайль шрифтіндегі жол сілтегіш схема, тактильді плитка және дыбыс күшейткіш жүйе қарастырылды.

Ашылу салтанатына Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нуржан Кельбуганов, ҚТЖ Ұлттық компаниясы Ақмола магистральды желі бөлімшесі филиалының басшысы Дәурен Қабас және Integra компаниясының бас директоры Мадияр Саттыбаев қатысты.

Барлық жаңалық