Жаңалықтар

Атбасар ауданындағы жол апатынан бала қайтыс болды

23 қыркүйек күні Ақмола облысына қарасты Атбасар ауданында жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан кәмелет жасына толмаған бала қаза тапты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты «NewTimes.kz» сайтына сілтеме жасап.

 

@nayza_kokshe мәліметінше, Атбасар – Қийма бағытындағы жолда, Ащикөл ауылының маңында Volkswagen Golf пен Lada Granta автокөліктері соқтығысқан.

 

Жол апаты салдарынан Volkswagen Golf жүргізушісі мен ондағы төрт жолаушы, сондай-ақ екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

 

Өкінішке қарай, жасөспірім бала жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

 

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу қорытындысына сәйкес процессуалдық шешім қабылданбақ.

Барлық жаңалық