Қоғам

"Атамның аманаты орындалады": Мұхтар Шахановтың жиені жағымды хабар айтты

"Атамның аманаты орындалады": Мұхтар Шахановтың жиені жағымды хабар айтты

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың жиені Қайырхан Балғабеков ақынның соңғы аманаты орындалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Оның айтуынша, жазушы өзі өсиет еткен жер – Отырар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесінің маңына жерленеді.

«Аллаға сансыз шүкір, атамның соңғы аманаты орындалатын болды. Атамыз Отырарда жерленеді», – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін ақынның жары Ханшайым Шаханова Мемлекет басшысына жолдаған хатында Мұхтар Шахановтың соңғы тілегі – оны ата-бабалары жатқан киелі Отырар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесінің іргесіне жерлеу екенін жеткізген болатын.

Барлық жаңалық