Шоу-бизнес

"Ата-әжесі шешеді": 6 жас үлкен әйелге үйленген әнші жаңа туған сәбиі туралы айтты

"Ата-әжесі шешеді": 6 жас үлкен әйелге үйленген әнші жаңа туған сәбиі туралы айтты

Әнші әрі блогер Ринат Шамшырақ мен жары Аружан Төре қызды болды. Қуанышты жаңалықпен өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты. 

«Аллаға мың шүкір. Жақсылар, құттықтап қойсаңыздар болады. Бүгін Алланың қалауымен, әке атандым. Қош келдің, қызым. Осындай сәт сіздерге де жұғысты болсын. Ана болу, әке болу бақытын шын жүректен тілеймін», – деп жазды ол.

Сондай-ақ әнші қызының есімін ата-әжесі қоятынын айтып, жұбайына ризашылығын білдірді.

«Есімін бұйыртса атасы мен әжесі өзіміз қоямыз деді. Осындай сәтті сыйлаған жарыма алғысым шексіз», – деп жазды Ринат Шамшырақ.

Желі қолданушылары жас ата-ананы құттықтап, сәбиге амандық, ұзақ ғұмыр, ал отбасына бақ-береке тіледі.

Барлық жаңалық