Жаңалықтар

Ат спорты саласында тарихи жаңалық: Қазақстан ISBC қатарына қайта қосылды

Ат спорты саласында тарихи жаңалық: Қазақстан ISBC қатарына қайта қосылды

.

2025 жылдың 1 қазанында Ұлыбританияның Ньюмаркет қаласында өткен Халықаралық селекциялық комитеттің (ISBC) отырысында Қазақстанға халықаралық мәртебе ресми түрде қайтарылды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.Бұл туралы jockeyclub.kz. өзінің “Instagram” парақшасында жариялаған болатын.

 

Енді отандық жылқылардың төлқұжаттары әлемде мойындалады. Қазақстан ISBC құрамындағы 70-ші мемлекет атанып, IFHA (Халықаралық ат жарысы федерациясы) ұйымына кіруге жол ашты.

 

Мамандардың айтуынша, бұл шешім – ат спорты саласындағы көпжылдық еңбектің нәтижесі. Халықаралық мәртебе қазақстандық жылқы шаруашылығын дамытуға, селекциялық жұмыстарды жаңа деңгейге көтеруге және ат спорты индустриясының беделін арттыруға ықпал етпек.

 

 

Қазақстанның ISBC құрамына қайта кіруі – тек ат спорты үшін ғана емес, ұлттық брендті халықаралық деңгейде танытудың да маңызды қадамы. Бұл жаңалық барша қазақстандықтарға, әсіресе атбегілер қауымына зор қуаныш сыйлап отыр.

Барлық жаңалық