Жаңалықтар

A’Studio тобының бұрынғы әншісі Мәскеуде ұсталды

A’Studio тобының бұрынғы әншісі Мәскеуде ұсталды

A’Studio тобының бұрынғы мүшесі Темірлан Сәдуақасов Мәскеуде мас күйінде көлік жүргізді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды  Ozgeris.info сайты.

Telegram-дағы 112 арнасының мәліметінше, Темірлан Сәдуақасовты жол полициясы таңғы сағат 5 шамасында Волоколамск тасжолында жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан.

Музыкант медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан. Кейін ол полиция бөліміне жеткізіліп, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.

Темірлан Сәдуақасов — гитарист әрі әнші, A’Studio тобының марқұм мүшесі Бағлан Садвақасовтың ұлы. Әкесі 2006 жылы қайтыс болғаннан кейін, оның орнын топ құрамында басқан. Кейін жеке музыкалық жобасын құрған.

Бағлан Садуақасов — A’Studio тобының гитаристі және көптеген танымал әндердің авторы. Ол 1990-жылдар мен 2000-жылдардың басында топтың ерекше музыкалық стилін қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.

Музыкант 2006 жылдың 2 тамызында Мәскеуде болған жол-көлік апатынан қайтыс болды.

Бұл жағдай қоғамда кең талқыланып жатыр. A’Studio тобының бұрынғы мүшесіне қатысты іс заң аясында қаралатын болады.

Барлық жаңалық