Жаңалықтар

Астананың орталығында "Degirmen" дәмханасынан өрт шықты (ВИДЕО)

Астананың орталығында "Degirmen" дәмханасынан өрт шықты (ВИДЕО)

Астанада Қонаев көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің төменгі қабатындағы дәмханадан өрт шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Алғашқы деректерге сәйкес, Degirmen дәмханасының шатыры отқа оранған. Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, өрт дәмхананың сыртқы қаптамасы мен желдеткіш жүйесінен тұтанған. Құтқарушылар тілсіз жауды дер кезінде оқшаулады.

Еске салайық, бұған дейін елордада «Бәйтерек» маңындағы кафелердің бірінде өрт шығып, салдарынан бірнеше тұрғын үй зақымданғаны хабарланған еді.

 

Барлық жаңалық