Жаңалықтар

Астанада төрт жасар қыз жетінші қабаттан құлап қаза тапты

Астанада төрт жасар қыз жетінші қабаттан құлап қаза тапты

Астана қаласында төрт жасар қыз бала көпқабатты үйдің жетінші қабатындағы терезеден құлап кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бүлдіршін алған ауыр жарақаттарының салдарынан оқиға орнында жан тапсырған.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметке сәйкес, бала жетінші қабаттан құлаған», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Осы оқиғаға байланысты тәртіп сақшылары ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беруге шақырды. Полиция терезелерге арнайы қорғаныс құралдарын орнатуды және терезе маңына баланың шығуына мүмкіндік беретін жиһаз қоймауды ескертті.

Барлық жаңалық